Ақтөбеде мүгедек-кәсіпкерлерден «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңіне қатысу өтінімдерін қабылдау басталды

АҚТӨБЕ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Даму» КҚҚ» АҚ-ның аймақтық филиалында жұмысын жаңадан бастап жатқан мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден «Құс жолы» қайырымдылық қорымен бірге жүзеге асырып отырған «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңіне қатысу өтінімдері қабылдана бастады.

Шілде айында аяқталған жобаның бірінші кезеңіне 7 адам қатысты, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі 2 кәсіпкер гранттар алды. Бұлар - Байғанин ауданында тұратын І-ші топтағы мүгедек Максим Бектұрғанов пен Ойыл ауданынан келген І-ші топтағы мүгедек Гүлсім Елекбаева. 4 кәсіпкердің жобалары екінші турға қатысу үшін жіберілді, өтінім берген тағы бір адам қатыстырылмады.

Белгілі болғандай, жобаға І-ІІ топтағы мүгедектігі бар ҚР-ның 18 жастан асқан, дағды, білім, тәжірибелерін жеке, азаматтық және кәсіби іске асырылу мақсатымен қолдануға тырысқан жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер (жеке кәсіпкерліктерін 2011 жылдың 1 қаңтарынан кейін тіркеген) қатыса алады. Бизнесті дамытуға арналған ақшалай грант сомасы 100 мың теңгені құрайды.

Өтінім формасының үлгісін, оны толтыру тәртібін және қажетті құжаттар тізімін www.damu-komek.kz және www.kuszholy.kz . сайттарынан қарауға болады.

Анықтама үшін «Даму» қорының Ақтөбе облысы бойынша аймақтық қорына хабарласуға болады, мекен-жайы: Әбілқайыр хан даңғылы, 51, 4 қабат, 421 кабинет. Телефондары: 55-24-35, 55-24-36, 90-60-38.