«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтің сөзіне қарағанда, «Сариева Ж.К.» ЖК «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша нан-тоқаш өнімдерін дайындауда жабдық сатып алып, шағын наубайхананың ғимаратын жөндейді.
«Халал» ЖШС «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша таксидің қызметіне қолдану үшін «Daewoo Matis» маркалы 10 көлік алуда. Жобаның құны 11,3 млн. теңге. Кәсіпорын пайыздық мөлшерлемеде субсидия мен несие кепілдендіруіне ие болады.
«НТ Нұрлы Мұнай» ЖШС аталмыш бағдарлама аясында Байғанин ауданында мұнайды сақтайтын ұйымның қызметі үшін қабылдау-тапсыру қосынын салады. Нысанның қуаттылығы айына 25 мың тонна мұнайды құрайды. Жобаның жалпы құны - 813 млн. теңге, оның ішінде 213 млн. теңге - жеке қаражат, 600 млн. теңге - несие. Кәсіпорын несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің субсидиясына ие болады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инженерлік инфрақұрылыммен байланысты 3 жоба мақұлданды. Олар - «Досқалиев Ш.А.» ЖК, «ТК «Фарм Актобе» ЖШС-нің зауыты, «Южпромснаб» ЖШС.