Оған аудандық және қалалық өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуда. Барлығы - 18 команда. Бұл жарыстардың бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, кәсіби шеберлікті жетілдіру. Екіншіден, өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту, спорттық разрядтарды орындау.
Бүгін жарыстардың бірінші кезеңінде мандат комиссияның отырысы өткізілді. Екі күнге созылатын жарыстар спорттың үш түрінен өткізіледі - кедергілер қойылған 100 метрлік жолақтан өту, жауынгерлік қимылды өрістету және штурм баспалдағымен оқу-жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу.
Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ең мықты спортшылар Ақтөбе облыстық құрама командасының құрамына кіріп, Астанада өтетін республикалық спартакиадаға қатыса алады.