Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметінен хабарлады.
Оның құрамына әкімшілік полиция, жол полициясы басқармаларының қызметкерлері және жедел әрекет ету арнайы жасағының сарбаздары енген. Топ ойын-сауық орындары орналасқан аумақта кезекшілік атқарып, мекемелердің маңына тоқтаған көліктерді тексереді, қауіпсіздік шаралары бойынша келушілермен және әкімшілікпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Аздаған уақыт ішінде «Бүркіт» тобы 3 травматикалық қаруды тәркілеп, 6 қылмысты әшкереледі. Әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 60 ақтөбелік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, «Бүркіт» түнгі тобы наурыз айында «Тропикаль» ойын-сауық мекемесі маңындағы аумақта қос жігіттен екі травматикалық қаруды тәркіледі.