Халықаралық тәуелсіз байқаушылар ақтөбеліктердің сайлауға белсенді қатысқанын жарыса айтуда. Сонымен бірге саяси науқанның жариялылық жағдайда өткеніне жоғары баға беріп отыр. Сайлаудан кейін Exit Poll жариялаған алғашқы мәліметтерді естіген бойда өңір зиялылары мен жастар cаяси сайыста дұрыс таңдаудың жасалғанын айтып, бір-бірін құттықтап жатты. Жиналған 300-ге жуық ақтөбеліктің қатарында мұғалімдер, дәрігерлер мен жергілікті мәслихат депутаттары және кәсіпкерлер болды. Олар көк тудың астында тұрып, әнұранды бірге шырқады. Әсіресе жастар жағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісін асқан қуанышпен қабылдады.
"Бүгін міне, біз, Ақтөбе облысының жастары мемлекет алдындағы өзінің азаматтық белсенділігін танытып, негізі таңдауын жасады. Бұл болашақта ел дамуына, елімізде жүргізіліп келе жатқан саясатты одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп және олар өз дауысын білдіре отырып, дұрыс, нақты таңдау жасады деп білемін», - деді «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының үйлестірушісі Ербол Шыма.
«Ерекше тарихы саяси оқиға болды. Ал бүгінгі күні «мереке құтты болсын» деп жатыр. Мінекей, осының бәрі халықтың саяси санасының оянғандығын көрсетеді. Халық елімізде орнаған тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз ойларын білдірді. Сондықтан бүгінгі күні, бүгінгі мереке күні ең дұрыс таңдау жасалды деген ойдамыз», - деп пікірімен бөлісті еңбек ардагері Еркін Құрманбек.