Құны 3,8 миллиард теңгенің жобасын республикалық үйлестіру кеңесі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында мақұлдап отыр.
Қалалық әкімдікте өткен кеңесте «Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Халима Ізбастенова хабарлағандай, зауыттың жылдық жобалық қуаты 300 мың тонна мұнай өнімдерін құрайтын болады. Оған қоса 105 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Республикалық үйлестіру кеңесі ағымдағы жылы Ақтөбе облысының 22 жобасын мақұлдады. Олардың қатарында инфузиялық жүйелер шығаратын зауыт, битум сақтауға арналған құрастырмалы қойманың бөлшектерін шығаратын өндіріс, поролон (пенополиуретан) шығаратын зауыт, полиэтилен құбырлары зауыты, жылу оқшаулағыш құбырлар (пенополиуретан) шығаратын өндіріс бар.