Көліктегі полиция департаментінің хабарламасына сүйенсек, оқиға 7 маусымда болды. Істі Қандыағаш станциясындағы көліктегі полиция бөлімі тіркеді.
— Әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас 7 маусым күні Ақтөбе қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Ол мұнда бір апта ем қабылдады.
— Науқас политравма бөлімінде ем қабылдады. 10-маусым күні ота жасалды. Оның сол жақ бұғанасы сынған. Отадан соң жағдайы тұрақталды. Емін амбулаторияда жалғастыру үшін 15-маусым күні ауруханадан шығарылды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, Ақтөбеде 424 мың гектар алқапта шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бүгінде бұл жұмыс аяқталды.