Мәселен, Ақтөбе стансасындағы желілік басқарма қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде Ақтөбе стансасының теміржол вокзалында ешқандай құжатсыз және рұқсатсыз жүк пойызымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан, яғни Ресей Федерациясының Елек станциясынан Ақтөбе қаласына дейін қасақана, заңсыз өткен Өзбекстан Республикасының 50 жастағы азаматын ұстады.
Осындай бір факті жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында Бестамақ-Ақтөбе аумағында №309 «Маңғышлақ-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар поезында да тіркелді. Көлік полицейлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан қасақана, заңсыз түрде өткен Өзбекстан Республикасының 21 жастағы азаматын ұстады.
Аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.