Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар әкімшілік жауапқа тартылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Олар көліктің терезесінен шығып, денсаулығына қауіп төндірген. Жүргізуші рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлескен, қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облыстық ПД әлеуметтік желідегі той кортежінің видеосына талдау жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды тіркеді. Үйлену тойы кортежіне қатысқандар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

— Бейнематериалда көлік жолаушыларының қозғалыс кезінде автокөліктің терезесінен шыққаны, жүргізушілердің рөлде ұялы телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушылардың барлығын анықтады. Құқық бұзушылардың барлығы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Бір көлік арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жезқазғанда жол ережесін бұзып, той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды. Атырауда да той кортежінде жол ережесін бұзған 8 жүргізуші анықталды