және «Нұр Отан» ХДП филиалының қолдауымен кондоминиум объектісін басқару органдарына, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне, коммуналдық кәсіпорындарға және қызығушылық танытқан барлық тұлғаларға арналған «Тұрғын үй ғимараттарында энергия үнемдеу: тиімді басқару және энергия тиімділігі технологиялары» тақырыбында көшпелі семинар өткізіледі. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Семинардың мақсаты - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығына қатысушыларды Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпараттандыру болып табылады. Тыңдаушыларға кондоминиум объектісін тиімді басқару мен күтіп ұстаудың жаңа тәсілдері және тұрғын үй шаруашылығына энергия тиімділігі технологияларын енгізу мүмкіндіктері туралы айтылады. Сондай-ақ тыңдаушылар Ақтөбе қаласының бірнеше көп пәтерлі тұрғын үйлерінде болып, кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау тәжірибесімен танысады.
Семинар шеңберінде қатысушылар пайдалы және қажетті ақпарат алып ғана қоймай, сонымен бірге өз сұрақтарына мамандардың жауаптарын ала алады. Семинар көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу ұйымдастырып, оны жүргізу мәселелері бойынша пысықталған жұмыс тәжірибесін, пікір алмасуға арналған пікірталас алаңқайына айналмақ. Сондай-ақ тыңдаушылар үшін қатысушы компаниялардың демонстрациялық көрмесі ұйымдастырылатын болады.