Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, мемлекеттік жұмыстарды атқаруға уәкілетті лауазымға ие полиция қызметкері өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, алдау және адамдардың сенімін теріс жолда пайдалану арқылы ақтөбелік бір азаматтың 10 мың теңгесін қағып алған.
Ақтөбе қаласы №2 сотының шешімімен учаскелік полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы, 3 тармағы «г» пунктісі бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, оның мүлкі тәркіленеді.