"Жасырын хабарлама нәтижесінде Әбілқайыр хан даңғылы бойынша көп қабатты үйлердің бірінен 120 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру барысында күдік тудыратын ештеңе табылмады", - делінген баспасөз релизінде.
Қазір қоңырау шалған адамның кім екенін анықтау шаралары жүргізілуде. Бұл - жыл басынан бері екінші жалған қоңырау. Жалған бомба туралы хабарлаған 13 ақтөбеліктің жетеуі сотты болғанын атап өткен жөн.