Ақтөбеде жаңа спорт кешені ашылды

АҚТӨБЕ. 25 қазан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбедегі бұрынғы «Мұнайшы» стадионының орнына көпсалалы спорт кешені ашылды.

Бұл жерде табиғи шөпке салынған футбол алаңы, жүгіру жолдары мен 1500 орынға арналған мінбелерден басқа үш спорт зал бар.

Бұл спорт кешені Олимпиада резервін дайындайтын негізгі базаға айналады. Сондай-ақ «Ақтөбе» Футбол командасының жаттығатын орнына да осы спорт кешені болады.