ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында КСРО спорт шебері В.Ивченконы еске алуға арналған грек-рим күресінен 1999-2001 жылғы жасөспірімдер арасында дәстүрлі қалааралық ашық турнир өтті.
Батыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Ақтөбе, Атырау, БҚО, Ақтау, Орынбор, Қазалы, ОҚО және Ақтөбе облысы аудандарынан ұзын саны 220-дай балуан қатысып, бақ сынасты.
Осы жарыста БҚО намысын қорғаған Петр Антонов (25 келі, облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі), Еламан Сайлауов (29 келі, қаладағы №34 мектептің оқушысы), Николай Антонов (38 келі, Петрдің ағасы) қола медальға қол жеткізді. Бұл балуандардың бапкері - Нариман Қайырманов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).