Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізген - 61 жүргізуші, жылдамдықты асырған - 206 азамат, қарсы бағытқа шыққан - 17, қауіпсіздік белдігін тақпаған - 309 жүргізуші және көлік жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескен 136 ақтөбелік анықталды.
22 маусымда апта сайын өткізілетін «Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні» жедел алдын алу шарасының барысында жол ережесінің 224 бұзушылығы анықталды, олардың 53-і жаяу жүргіншілердің өздерімен жасалған.
Өңірде бір аптаның ішінде 16 жол-көлік апаты орын алды, 1 адам мерт болып, 22-і зардап шекті.