Атап айтқанда, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 55 жүргізуші ұсталды, 314 ақтөбелік азамат қозғалыстың белгіленген жылдамдығын асырды, 317 адам қауіпсіздік белдіктерін тақпады, 104 жүргізуші қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесті. Сондай-ақ жол-көлік ережелерін бұзғаны үшін 324 жаяу жүргінші ұсталды.
Бір аптаның ішінде 7 жол апаты болды, салдарынан 9 адам түрлі дене жарақаттарын алды.