ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, келеңсіз жағдай Тургенев көшесінің бойында орын алған. 23 жастағы «Ниссан Максима» көлігінің жүргізушісі жылдамдықты арттырып, электр таратқыш желінің тірегіне соғылған. ЖКО-дан зардап шеккен әйелге көмек көрсетпеген ер адам көлігін тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.
32 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды, тағы екі жолаушы жарақаттанды. Олардың біреуі жедел жәрдем көрстеу ауруханасына жеткізіліп, екіншісі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Үш сағаттан кейін патрульдік жол қызметінің қызметкерлері тәртіп бұзушыны қолға түсірді.
Қазір ұсталған адамға қатысты аталған ЖКО жасады деген күдікпен ҚР ҚК 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар белгіленді. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.