Ресми өкілдің айтуынша, Ақтөбенің полиция бөліміне басынан оқ тиген ер адамның денесі бар «Тойота Прадо» автомашинасы туралы хабарлама келіп түскен.
«Полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбедегі құрылыс кәсіпорындары бірінің директорының орынбасары болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 20 жас аралығындағы екі жергілікті тұрғын ұсталды», - деді Қ.Жұманов.
Оның айтуына қарағанда, күдіктілер қаза тапқан азамат басқаратын кәсіпорынның қызметкерлері. Олардың біреуі жәбірленушінің қарамағында жұмыс істеген және олардың арасында жиі жанжалдар туындап тұрған.
«Күдікті жәбірленушіні аңдып, шолақ қарудан атқан. Содан кейін қаруды лақтырып, жұмыс орнына қайтып келген. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ресми өкіл.