Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша Сәндібаев Темірланның оның денесі табылған күннен 10-13 тәулік бұрын қаза тапқаны анықталды.
«Оның көз жұмуына ауа температурасының төмендеуі салдарынан қатты тоңуы себеп болған. Сот-медицналық сараптама кезінде Темірланның денесінен қандай да бір сыртқы, сүйектің сынуы мен жарақаттану іздері табылған жоқ», - делінген хабарламада.
Тағайындалған сот-биологиялық сараптама нәтижелері баланың киімінде қан іздері болмағанын да нақтылады.