ТЖ бойынша департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Марат Ғұсманов өрт кезінде екі адамды құтқарды.
Өрт 2011 жылдың 28 желтоқсанында Қарғалы ауданының Жосалы кентіндегі тұрғын үйде орын алды. Оны өшіру үшін Қарғалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің кезекшілік қарауылының жеке құрамы шықты.
Ғимаратты тексеру кезінде өртке қарсы қызметтің кіші сержанты Марат Ғұсманов бір әйелді тауып алып, оны өртеніп жатқан үйден шығарып алды. Одан кейін үйге тағы кіріп, ер адамды шығарды. Зардап шеккендер Қарғалы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Өрт уақытында сөндірілді.
ТЖ бойынша вице-министр, генерал-майор Валерий Петров Марат Ғұсмановқа батырлығы үшін награданы тапсырды.