Оның 23 фактісі мас күйінде көлік жүргізу, 106 оқиғасы жылдамдықты арттыру және 31-і қарсы бағытқа шығуға қатысты.
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, ұялы телефонмен сөйлескені үшін 73 жүргізушіге, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 151 ақтөбелікке әкімшілік хаттама рәсімделді.
Акцияның барысында жол ережесінің бұзушылығы үшін 67 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мектептер мен еңбек ұжымдарында жол қозғалысы ережесінің қауіпсіздік тақырыбына дәрістер өтті, көшелерде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдын алу сипатындағы жадынамалары таратылды.