Полицейлердің айтуынша, таңғы сағат алтылардың шамасында «102» телефонына белгісіз азаматша қоңырау шалды. Оның мәлімдеуінше, түнгі екі кезінде оның дүкеніне бетперде киген белгісіз азаматтар басып кіріп, 35 мың теңге, ұялы телефон мен азық-түліктерді алып кетті. Келтірілген шығын 70 мың теңгені құрады.
Осы факті бойынша із кескен полицейлер Ақтөбе қаласының Махамбетов ауданында күдікті азаматтарды қолға түсірді. Олар 20-25 жастардағы жас жігіттер болып шықты. Тергеу алды тексеріс барысында анықталғаны, зардап шеккен азаматша олардың бірін танитын болып шығып, ол оқиға орнынан ізін суытқан екен.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК «Қарақшылық» 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер тұтқынға алынды.