Соның ішінде 69 ақтөбелік көліктік құралды алкогольдік мас күйінде жүргізгені үшін, 317 адам - жылдамдықты асырғаны үшін, 25 жүргізуші - қозғалыстың қарсы жолағына шыққаны үшін, 337 жүргізуші - қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 145 адам - көлікті жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін ұсталды.
Жаяу жүргіншілердің апта сайынғы Қауіпсіздік күнінің барысында жол-көлік ережелерін бұзудың 432 фактісі анықталған, соның 164-ін жаяу жүргіншілердің өздері жасады.
Апта ішінде облыста 11 жол-көлік оқиғасы болды, соның салдарынан 12 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты.
Жол полицейлері 3 қылмысты ашты, соның ішінде біреуі - көлікті айдап әкету, 1 факті заң өкіліне қатысты зорлық әрекеттерін қолдану.