Бүгін ақтөбелік ірі өндірістік кәсіпорындарының мыңдаған жұмысшылары «Ақтөберентген» зауытында жиналып, Елбасының Жолдауына қолдау білдірді.
Жиынға сондай-ақ, облыс басшылығы және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының басшылығы, партия активі, өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, лицей оқушылары, үкіметтік емес ұйымдардың, демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясына кіретін қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар Елбасы ұсынған Қазақстанның жаңа онжылдықтағы стратегиялық даму бағдарламасына бірауыздан қолдау білдірді.
«Нұр Отанның» облыстық филиалының төрағасы Балғали Ордабаев Жолдаудың негізгі басымдықтары туралы баян етті.