Ақтөбенің қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты республикадағы ең үздік деп танылды

АҚТӨБЕ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республиканың мамандандырылған соттары арасында өткен байқау қорытындысы бойынша қаланың ең үздік аудандық соты болып Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, мұндай атақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштер үшін берілді. Марапатты салтанатты түрде облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановқа ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров табыс етті.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 2010 жылдан бастап қызмет етеді, онда алқа билердің қатысуымен ауыр қылмыстық істер қарастырылады. 

2011 жылы қайта қалпына келтірілген ғимараттың салтанатты ашылуы өтті.