Қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жасағы мен Ақтөбе қалалық ІІБ-ның тергеу-жедел тобы жіберілді. Күдіктілердің бірі ұсталды.
Ол Ақтөбе қаласының 20 жасар тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ тағы бір күдікті, 21 жастағы ер адамды ұстау шаралары өткізілді.
Тергеу алдындағы тексеріс барысында жәбірленуші мен күдіктілердің жақын туыстар болып табылатынын және оқ олардың арасында туындаған ұрыстың салдарынан атылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 257 бабымен («Бұзақылық») қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.