Ақтөбенің жүз жасаған кейуаналарының әрқайсысына облыс әкімінің 100 мың теңгеден сыйлығы берілді

АҚТӨБЕ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Наурыз мейрамы қарсаңында Ақтөбе облысының ұзақ жасаған кейуаналары ерекше сыйлық алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақтөбе облыстық статистика басқармасының бастығы Әлия Боранбаеваның мәліметтері бойынша, соңғы халық санағында облыста жасы 100-ден асқан және одан да ұзақ жасаған 16 адам тұратыны тіркелген. Олардың ең үлкені Қалыш Ахмет ? 114 жаста. Ол 1895 жылы дүниеге келген екен. Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Елеусін Сағындықов тамаша тарту жасады - мереке құрметіне жүз жасаған кейуана-әжелердің әрқайсысының зейнетақы шоттарына 100 мың теңгеден ақша аударылды. Мереке күні ? наурыздың 22-сінде Елеусін Сағындықов солардың бірі ? 105 жастағы Ақтөбе тұрғыны Айша Ырзағалиеваның үйінде болып, оны мерекемен құттықтап, сыйлық тапсырды және оған мықты денсаулық пен игілік тілегін ізгі ниетін білдірді.