Биыл аймақта кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан 429 адам өтті. «Даму» КДҚ» АҚ аймақтық филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтің айтуынша, тренингтер Ақтөбе қаласында және облыстың 12 ауданында өткізілді.
«Бизнес-Кеңесші» жаңадан бастап келе жатқан және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін жақсы қолдау болып табылады. Семинарларды оқытушылық және кәсіпкерлік қызметінде, бизнес-тренингтерін өткізуде еңбек өтілі бар тәжірибелі жаттықтырушылар жүргізуде», - деп есептейді Берік Нұрғалиев.
Тамыз және қыркүйек айларында Ақтөбенің болашақ және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлері үшін «Дастан» бизнес-орталығында бірнеше семинар және Шалқар, Әйтеке би, Темір, Мартұқ, Қарғалы және Мұғалжар аудандарында бір-бір семинардан өткізіледі.
Семинарлар екі күндік. Оның барысында қатысушылар бизнесті жүргізу негіздері, маркетинг, заң негіздері, қызметкерлерді басқару, қауіптерді бағалау, кәсіпкерлік психологиясы, қаржы және бизнес жоспарды құру, т.б. бойынша білім алады. Семинар қатысушыларына үлестірме материалдары, құжаттардың стандарты пакеті беріледі. Белгілі болғандай, «Бизнес-Кеңесшіге» қатысу «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бизнес идеяларын іске асыру үшін гранттар алуды жоспарлаған кәсіпкерлер үшін міндетті талап болып табылады.
Семинарға қатысу өтінімін беру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалына хабарласу керек. Мекен-жайы: Әбілқайыр хан даңғылы, 51, 421 кабинет немесе 90-60-38, 55-24-35, 55-24-36 телефондарына қоңырау шалуға болады.