ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданында «Нұр Отан» ХДП-ның 32 бастауыш ұйымы жұмыс жасайды, онда 2987 партия мүшесі есепте тұрады. Бұл туралы аудандық филиал конференциясында айтылды.
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Салауат Аймұқашевтің атап өткеніндей, тек есепті мерзім ішінде партия қатарына 213 адам алынды. Бұл ретте сапалық құрамға ерекше мән берілді. Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында 214 үгітшінің басын қосқан 19 ақпараттық-насихат тобы жұмыс жасап келеді. Бюджеттік қаржының орнымен жұмсалуын қадағалау үшін 20 партиялық бақылау тірегі құрылды. Аудандық партия ұйымы жергілікті тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 114 адам келіп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша жауаптарын алды.
Жарыссөзге қатысқандар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту мақсатында референдум өткізуді қолдады.
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Абай Иманғалиев сайланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).