ОРАЛ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында бөлмеаралық және кіреберіс есіктерін сататын арнайы дүкен ашылды.
Тағы бір кәсіпкерлік нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, игі тілегін білдірді.
Дүкен иесі - металлпластикалық есік-терезе сатумен аты шыққан «Жарқын-пласт» жеке кәсіпорны. Талғат Қайырғалиевтің иелігіндегі жаңа дүкен Ресей мен Украинадан әкелінген сапалы есіктермен қатар өз өнімдері - пластикалық терезелер сатады. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, өңірде тұрғын үй салушылар мен өз мекенжайын жаңғыртушылардың көбеюі өнімнің молырақ өтуіне мүмкіндік бермек. Болашақта ол несиенің көмегімен металлжабын, керамзит блоктарын шығаруды да жолға қоймақшы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).