ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында тұратын жеке кәсіпкер, жергілікті халыққа зергерлігімен танымал Ерлан Бектенов «Айару» атты зергерлік салонын ашты.
Алғашқы келушілердің назарына шебер қолынан шыққан асыл тастармен ұлттық нақышта безендірілген сақина, сырға, алқа бұйымдары ұсынылды. Мекенжайда шеберхана да жұмыс жасайды, онда кез-келген тозған әшекейлі бұйымды қалпына келтіріп, жаңартып алуға мүмкіндік бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).