12:08, 15 Сәуір 2009
«Ақжайық» футбол командасы жақсы ойнаса, қаржылай ынталандырылатын болады
ОРАЛ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Ақжайық» футбол командасы жақсы ойын-өрнегін көрсетсе, қаржылай ынталандырылатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық футбол федерациясының құрметті президенті Мүсілім Оңдағановтың айтуынша, жаңа маусымда «Ақжайық» қатарынан үш рет жеңіске жетсе, команда түгелдей сыйақы алады. Ал үздік ойынымен көзге түскен футболшыға 1 мың АҚШ доллары берілмек.
Жергілікті жастардан құралған команда (бас бапкері Виктор Каблов, капитаны Абай Аманбаев) биыл суперлигаға шығуды мақсат етіп отыр. Биыл «Ақжайық» маусымды сәуірдің 25-інде ел кубогі үшін сында өз алаңында «Атырау» командасымен кездесуден бастайды. Содан кейін бірінші лигадағы алғашқы ойынын Астананың «Намыс» командасымен өткізбек.