ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдың «Ақжайығы» кеше өз алаңында футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында көш бастап келе жатқан Қаскелеңнің «Сұңқарын» қабылдады.
Бірінші таймда «Ақжайықтың» сұрмергені, сербиялық ойыншы Миленко Рашкович есеп ашқанымен, алаң иелері бұл басымдылықты ұстап тұра алмады. Екінші таймда қазір «Сұңқардың» құрамында ойнап жүрген белгілі шабуылшы Әлібек Бөлешев екі мәрте мергендік танытып, өз командасына жеңіс әперді.
Бұл турдан кейін «Ақжайық» премьер-лигадан біржола үмітін үзді. «Сұңқардан» кейінгі екінші орынды Көкшетаудың «Оқжетпесі» иеленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).