ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» ақпанның 4-інде «Волга-2» (Ульяновск) командасын қабылдап, 9:1 есебімен жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оралдықтардың айқын басымдылығымен өткен ойында Сергей Харольский, Эдуард Кондратьев сынды хоккейшілер мергендік танытты.
Қазіргі кезде қоржынындағы 30 ұпайымен өз тобында алда келе жатқан «Ақжайық» ертең қонақтармен қарымта кездесуін өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).