ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» кеше өз айдынында Қазанның «Ракетасын» қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарсыластарынан әлдеқайда ширақ ойнаған оралдықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін «Ақжайық» қарымта кездесуін өткізеді.
Қалған ойындарын өз айдынында өткізетін «Ақжайықтың» өз тобында бірінші орынды иеленіп, финалдық сайыстарға жолдама алуға толық мүмкіндігі бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).