ОРАЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Азия ойындарынан оралған бойда 9 ақпанда Ресей чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Мончегорскінің «Кольская ГМК» командасын қабылдады.
«Кольская ГМК» - бірінші лигадағы мықты командалардың бірі. Өз тобында көш бастап келе жатқан қонақтар басымдылық көрсетті. Сөйтіп олар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Оралдықтардан жалғыз допты Вячеслав Петров соқты.
Бүгін қос команда екінші кездесуін өткізеді
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).