ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында тұратын соғыс және еңбек ардагері Василий Найденовке 85 жасқа толуына орай құрмет көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Василий Найденов әскерге 1943 жылы шақырылып, І Украина майданы құрамында Киевті, Беларус, Польша жерлерін азат етуге қатысып, екі рет жаралы болған. Майдандағы ерлігі үшін аға сержант «Қызыл Жұлдыз», бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Майдангер қуанышын ауылдастары бөлісіп, аудан әкімі Абай Иманғалиевтің құттықтау хаты мен кезінде қызмет жасаған орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен сый-сияпат табыс етілді.
Қазіргі кезде ауданда 23 соғыс ардагері тұрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).