ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданында «Мектепке жол» шарасы аясында табысы аз, көп балалы отбасылардағы оқушыларға киім-кешек, оқу құралдары түрінде 4,7 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.
Айталық, қайырымдылық ісімен аудан орталығы - Чапаевта 131, одан кейінгі үлкен ауыл - Тайпақта 164 оқушы қамтылды. Еңбек ұжымдары және қатардағы тұрғындармен қатар осынау үлкен шараға жекелеген кәсіп иелері жылдағысынша, зор үлестерін қосуда. Мысалы, тайпақтық жеке кәсіпкер Болат Хисин ұл-қыздардың қамы үшін 105 мың, газдандырумен шұғылданатын «Нұржан» ЖШС директоры Әлжан Досмақов 135 мың теңге қаржысын арнады.
Облыста қайырымдылық шарасы одан әрі жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).