Ақжайықта мемлекеттік қызмет тәртібін нығайтуға арналған семинар-кеңес өткізілді

ОРАЛ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық басқармасы БҚО-ның Ақжайық ауданында мемлекеттік қызмет тәртібін нығайтуға арналған семинар-кеңес өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін бұлжытпай сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылыққа бармауы мәселелері талқыланды. Бұл орайда аудан әкімі Абай Иманғалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық басқармасының бастығы, тәртіптік кеңес төрағасы Әкімгерей Серғалин және басқалар өз пікірлерін білдіріп, мемлекеттік құрылымдардың қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажеттігін атап көрсетті.