ОРАЛ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында жеке кәсіпкерлер Светлана Сағитова мен Лариса Мырзағалиева нан бағасын арзандатып, жоғары сортын 45 теңгеден (бұрын 55 теңге болған), екінші сорттысын 40 теңгеден, дөңгелек нан мен бөлке нанды 50 теңгеден сатып, тұрғындар үшін жеңілдік жасап отыр.
Біріншіден, жоғары сортты астық қоры жеткілікті, екіншіден, пісіру технологиясы жетілдірілген. Үшіншіден, бұл адамгершілік тұрғыдан ойластырылған шаруа болып отыр. Нан «Бұлақ», «Ақжайық» дүкендерінде сатылуда. Сөйтіп ел алғысына бөленіп отырған аталмыш кәсіпкерлер қадамы қолдауға тұрарлық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).