Ақжайықта оқушылар велотуризм техникасынан жарысқа түсті

ОРАЛ. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығы - Чапаев ауылындағы «Ақжайық» балалар саяхат кешенінде оқушылар арасында велотуризм техникасынан облыстық жарыс өтті.

Бұл жарысқа облыстың 10 ауданынан және Орал қаласынан командалар қатысты.

Велосипедпен «Мәнерлеп жүру», «Триал» дистанциялары, супервел кезеңі бойынша жалпыкомандалық есепте І орынды - Ақжайық ауданының командасы иеленді.