ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылындағы «Зерде» саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Аудан әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Ақжайық ауданы бойынша 422 адам зобалаңға ұшыраған. Мұндай ескерткіш жазықсыз жандардың есімдерін ұмытпай, өткеннен сабақ алу үшін қажет.
Аталмыш ескерткіш авторы - Асқар Отарғалиев. Енді аудан тұрғындары жыл сайын осында келіп, зобалаң жылдар құрбандарын еске алатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).