ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақжайық ауданының денсаулық сақтау саласында бір күнде екі ерекше жақсылық болды.
Өткен жылы Чапаевта пайдалануға берілген жаңа көпсалалы емхана ғимаратында дәріхана ашылды. Сонымен қатар аудандық ауруханаға су жаңа реанимобиль берілді.
Осы орайда болып өткен салтанаттарда жиналған қалың қауымды аудан әкімі Абай Иманғалиев, облыстық клиникалық аурухананың директоры Ерлан Тоқсанов құттықтады. Жаңа медициналық көлік, мәселен, сырқаттың өкпесіне ауа айдайтын аппаратпен, кардиомонитормен, инфузоматпен жабдықталған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).