Ал бізде ? мұнай мен газ бар

АСТАНА. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат /Аманжол Нұрпейісов/ - Ересек адамның денесінің 2/3 бөлігі судан тұратыны белгілі. Қазіргі заманғы экономиканың ағзасынан да дәл осындай мөлшерлестілікті аңғаруға болады. Тек, бұл жерде тіршіліктің нәрі саналатын судың қызметін жер қойнындағы қара түсті қоймалжың сұйықтық атқарады.

Мұнайсыз экономика да құдды бір сусыз организм секілді ? не олай емес, не бұлай емес. Бұл ойымыздың дұрыстығын байқау үшін, жан-жағыңызға байыптап көз салсаңыз жеткілікті. Бензин, керосин, пластмасса, полиэтилен, парфюм, жолдардың бетін жабатын асфальттық материалдар, автокөлік дөңгелектері және басқа да мың-сан тұрмыста қолданатын заттарды жасайтын шикізаттың түп-төркіні осы өзіміз сөз етіп отырған мұнай екендігінде дау жоқ. Тіпті, мұнайдан синтетикалық талшық өндіру арқылы киім-кешектің не түрі тігіле бастап еді, енді міне одан алынған маргарин түстес майды нанға жағып жеуге де болады, бұл күні кешелері адам ойына кірмеген мәселе еді, керемет... Қара алтынның бір баррельінің құны ? экономика саулығының аса маңызды көрсеткіші. Ел бюджеті, ұлттық валюта бағамы, жұмыссыздық деңгейі бәрі де осыған байланысты.Осы ретте кері тәуелділіктің болатынын да айта кету керек, экономика дағдарысқа ұшыраған кезде тұтыну рыногы кепкен тулақ секілді жиырыла түседі, көмірсутегі шикізатына деген сұраныс та құлдырай бастайды. Осыған ұқсас жайтты өткен күздегі мұнайға сұраныстың үш ай көлемінде 3,5 есеге арзандап кеткен кезінде біздер де анық байқадық. Қара алтын ұлттық кірістің негізгі көзін құрайтын елдер үшін өте ауыр болады. Сүргінге қарсы ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттырудің әдістерінің бірі, ол мұнай өңдеуді әртараптандыру. Әңгіме өзара байланыстағы ыдыстар жасау төңірегінде болып отыр: егер шикізат құны әлемдік рынокта құлап бара жатса, онда көмірсутегінің белгілі бөлігін жергілікті мұнай өңдеу зауыттарына қарай бағыттау керек, сонда олар баға конъюнктурасының тербелісіне иммунитеті жоғары өнімдер шығарады, мәселен, бензин, дизель отыны немесе жолға төселетін битум өнімдері. Осылай еткенде, ұлттық экономика ауқымында активтердің бірінің кіріс көзі төмендесе, ол екіншісінің өсуімен орны толтырылады. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жасаған осы идея, 2009-2015 жылдарға арналған мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың кешенді жоспарының негізіне алынды. Жаңа индустрияландырудың бесжылдығында мұнайшылар отандық МӨЗ өндіру қуатын дағдарыстан кейінгі экономика үлгісінің тұтыну деңгейімен сәйкестендіруі тиіс. Қайта жарақтандырудың бірінші үміткері ? Атырау мұнай өңдеу зауыты. МӨЗ-дің бүгінгі таңдағы технологиялық мүмкіндігі шектеулі, мұнайды тереңдетіп тазартып өңдеуге және мұнай өнімдерін ЕВРО-3,4 стандарттарына сәйкестендіріп шығаруға мүмкіндік болмай отыр. Негізгі мұнай өнімдері өндірісінің құрамында мазут пен вакуумдық газойлдың үлесі көп. Қайта өңдеу тереңдігі 62 пайыз ғана. Алдағы 4-5 жыл көлемінде бұл жерде жылына 133 мың тонна бензол және 496 мың тонна параксилол шығаратын үлкен кешеннің құрылысын салу жоспарланған. Ароматты көмірсутегі Қазақстанда мұнай-химиялық өндіріс құру үшін негізгі шикізат қоры саналмақ, ал одан пластмассалық бұйымдардың жүздеген түрлерін шығаруға болады екен. Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңарту жоспары мұнайды тереңдетіп өңдеу жөніндегі жаңа кешен құрылысын салуды да көздейді. Қайта жарақтандырылған соң кәсіпорын екі есеге дейін ? 1 миллион 100 мың тоннаға дейін жоғары октанды бензин және жылына 356 мың тоннаға дейін ? 4 есеге дейін авиациялық керосин шығару мүмкіндіктеріне ие болады. Дизельдік отын өндірісі жылына ? 1 млн. 400 мың тоннаға дейін артады.Жаңартудың екінші кезегінде ? Шымкент мұнай өңдеу зауыты тұр. Мұндағы мәселенің барлығы да тура атыраудағы «ағайындікіндей». Өңдеу тереңдігі небәрі 77 пайызды құрайды, шикізатты екінші рет өңдеуден өткізуге технология да, қуаттар да жетіспейді. 2014 жылға дейін қалыптасқан ахуалды түзету үшін, мұнда каталитикалық крекинг құрылысын салу, изомер құрылғыларын орнату, сутегі өндірісі, полипропилен қондырғысын орнату, күкірт өндірісі, дизель отынын гидро тазалағышты қайта жарақтандыру жоспарланып отыр. Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңартудан күтілетін тиімділік ? ЕУРО-3,4 стандартына сәйкес келетін жоғары октанды бензин түрлерін, дизельдік отын өндірісінің көлемін арттыру.Атырау мен Шымкенттен кейін кезек Павлодар мұнай-химия зауытына келеді. Кәсіпорынның бүгінгі белгіленген қуаты жылына 5 миллион тонна шикі мұнай өндіру. Қазіргі уақытта көптеген қондырғылар үшін жүктеме коэффициентінің өте төмендігі байқалады (ҒСС қондырғысы мен вакуумдық газойлды гидротазалау үшін жұмыспен жүктеу көрсеткіші - 45 пайыз көлемінде болса, атмосфералық ректификация, риформинг және баяулатып кокстау қондырғысы үшін ? 70 пайыз.), мұның барлығы да шикізаттың тапшылығымен, жекелеген маңызды қондырғылардың монтаждау мен пайдалануға дайын еместігімен түсіндіріледі. Зауытта дизелдік отынды гидротазалау қондырғысын қайта құру, изомерлеу және бензинді селективті күкірттен арылтудың каталиттік крекинг жаңа қондырғысын монтаждау жоспарланған.Жаңғыртулар толық аяқталған соң, отандық мұнай өңдеу зауыттарының жалпы қуаты жылына 17 миллион тоннаға жетеді. Кәсіпорындар бензин, керосин және дизель отынының еуропалық стандарттарға сәйкес келетін және әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие болатын маркаларын шығаратын болады. Мұнай өңдеу салаларын жаңарту жоспарында инновациялық технологияны енгізуге маңыз беріліп отыр, ол қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың әсерін азайтады.Қазақстандық мұнай өңдеу кешендерінің қуатын қайта жарақтандырудан басқа, республика үкіметі орта мерзімдік болашақта жаңа мұнай-химиялық өндірістер құрумен айналыса бастайды. Атырауда 2013 жылға қарай индустриялық парк базасында газ-химиялық кешен тұрғызылады. Ол рынокқа жылына 800 мың тонна пропилен және 450 мың тонна полипропилен беруге есептелген. Ал, Ақтаудағы пластмасса зауытында (АПМЗ) Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне сәйкестендірілген (оңтүстік, орталық және солтүстік аймақтар) жол битумының үш түрлі маркасын өндіру жоспарланған, жалпы мөлшері ? жылына 420 мың тонна. Кәсіпорын өнімдері жол битумының пайдалану сипатын ескеретін «SUPERPAVE» жүйесіндегі жол битумының жоғарғы PG сапалық маркасының талаптарына сәйкес болады.Тағы бір аса маңызды мәселе ? газ инфрақұрылымын әртараптандыру. Биылғы жылы «Бейнеу ? Бозой - Ақбұлақ» газ құбыры магистралын салу басталмақ. Осы магистраль бойынша елдің батысындағы кен орнынан шығарылған көгілдір отын Өзбекстанның жеткізуіне тәуелді болып, энергия тапшылығын қатты сезініп отырған оңтүстік аймаққа жеткізіледі. Бұдан басқа, ҚР басшылары «Бейнеу ? Бозой - Ақбұлақ» магистралын ҚХР-ға қазақстандық газды жеткізетін негізгі арна деп қарайды. Бүгінде біздің «аспанасты» көршілеріміздің экономикасы дағдарыстан шықты және бірте-бірте қуат алып келеді. Әрине, олардың да көгілдір отынды тұтыну деңгейі арта түспек. Қытайдың Қазақстанға берген он миллиардтық несиесінің жартысынан астамының мұнай-газ секторын инвестициялауға жұмсалатынын ескерудің өзі жеткілікті. Қазіргі уақытта қытайлықтардың жобаға қатысуының жұмыс мәселелері келісіліп жатыр. 2007 жылғы тамыздың 18-індегі «Қазақстан - Қытай» газ құбырының құрылысы және пайдалану ынтымақтастығы туралы Қытай Халық Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті арасындағы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың жобасы әзірленді, осыған сәйкес «Бейнеу ? Бозой ? Ақбұлақ» газ құбыры «Қазақстан - Қытай» газ құбырының екінші учаскесі болып саналады. Оны іске қосу 2014 жылға межеленген.Мұнай-газ кешенін жаңарту Мемлекет басшысы белгілеген ? мұнай өнімдерімен ішкі рынокты жеткілікті қамтамасыз ету туралы жаңа индустрияландырудың негізгі тапсырмаларын келешекте шешуге ықпал етеді. Бұдан басқа, тауарлық және көмірсутегінің көліктік инфрақұрылымын әртараптандыру есебінен қазақстандық экономиканың сыртқы факторлардың ықпалына тәуелсіздігі төмендейді. Экономика мейлінше икемді және өз-өзіне жетімді болады, демек бәсекеге қабілеттілігі де арта түседі. Осы фактор еліміздің дағдарыстан кейінгі әлемде аяғынан тұрып кетуінің басты кепілі болмақ.