Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен танысқан. Бұдан бөлек, мына бағыттағы үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарын қарады:
медицина ғылымдары бойынша;
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша;
жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.