17:56, 21 Сәуір 2009
Альянс банктегі жағдай Қазақстанның банк саласындағы жағдайын өзгертпейді- Fitch Ratings өкілі
АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Альянс банктің сыртқы қарызын қайтаруды оңтайландыруы Қазақстанның банк саласына ешқандай өзгеріс әкелмейді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Fitch Ratings-тің қаржы мекемелері жөніндегі сараптама тобының атқарушы директоры Джеймс Уотсон айтты.
«Бұл өзгерістің болмауына бірінші себеп - Альянс банктегі жеке тұлғалардың депозит көлемінің аздығы. Екіншіден, жеке тұлғалар да, компаниялар да өз қаржыларын банктен қайтарып алу мүмкіндігін жоғалтпайды. Сондықтан мен Альянс банктің айналасында болып жатқан қазіргі өзгерістер Қазақстанның банк жүйесін өзгертеді деп ойламаймын», дейді Д.Уотсон. Оның айтуынша, Альянс банкте болып жатқан оқиғалар аздап түсініксіздеу. Егер банктің соңғы балансына қарасақ, оның өз қарыздарын жабуға қауқары жетеді. Меніңше, банктің бұл шарасы алдағы уақытта өз қарыздарын жабу мүмкіндігі болмай қалуы кәдік деген оймен жасалуы мүмкін. Бұл ретте банк басшылығының бағыты дұрыс», дейді Д.Уотсон.