16:04, 13 Сәуір 2009
Алаяқтардың іс-әрекетінен «Даму» қорына 42,5 млн. теңге залал келтірілді
ОРАЛ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті алаяқтықпен айналысып, несие алған бір топ адамның үстінен қылмыстық іс қозғап, айыптау қорытындысымен сотқа жіберді.
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, олар бір-бірімен алдын ала қылмыстық келісімге бара отырып, азаматтардың құжаттарын алдап алып, солардың атына «ФРМП ? Орал» шағын несие ұйымы» ЖШС-інде заңсыз несие рәсімдеген. Сөйтіп «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ға 42,5 млн. теңге залал келтірген. Тергеу барысында айыптылардың мүлкін тәркілеу жолымен 14,7 млн. теңге өндірілді.