Қазақстанның тек шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы көпжылғы орташа температурадан 2-5 градусқа төмен болды.
Алдағы үш тәулікте батыс және солтүстік облыстардың кей жерлерінде көшпелі жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы 13-20 м/с дейін күшеюіне қарамастап, аптап ыстық басылмайды. Еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында ауа температурасы көтеріледі. Бұл кезеңде Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа температурасы нормадан 3 10 градусқа асуы мүмкін.