Қазақстан аумағы арқылы батыс циклон өтеді. Елдің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республика бойынша тұман, республиканың батысында шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндізгі еліміздің солтүстігінде ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, орталықта 17-22 градус жылы болады. Ал облыстың оңтүстігінде 28 градус дейін, елдің шығысында 20 градусқа дейін күн жылы болады.
15:34, 13 Сәуір 2022
Алдағы тәулікте еліміздің солтүстігінде күн 25 градусқа дейін жылынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.