«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келесі жылы біз Үкіметте талқылап, жан-жақты қарайтын басты мәселе - халықтың өздігінен жұмыспен қамтылуына байланысты болып отыр. Осы бойынша Парламенттік тыңдауды да өткізуіміз мүмкін. Яғни, мемлекеттік сектордан да тыс кәсіпкерлік саласында да қамтылмаған өзіндік еңбекпен айналысатын халықтың осы жігінің мәселесін шешуіміз керек», - деді К. Мәсімов..
Премьер-Министр Қазақстанның әрбір азаматы елді индустрияландыру бағдарламасына, ауыл шаруашылығын дамытуға тартылып, экономикалық үдерістің бәріне атсалысуы қажеттігін атап көрсетті. "Әрине, бұл - өте күрделі мәселе. Әрі оның аясында білім беру және денсаулық сақтау салалары бірге қарастырылады. Дегенмен, алдағы басты міндет ретінде біз сіздермен біріге отырып, осыған көбірек назар аударуға тиіспіз", - деді К. Мәсімов сенаторларға қаратып айтқан сөзінде.